
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңмен Қылмыстық-процестік кодекске, Азаматтық процестік кодекске, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске, сондай-ақ бірқатар басқа да заңдарға түзетулер енгізу көзделеді. Оның ішінде қылмыстық процесте белгіленген рәсімдерді елемей судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін жедел-іздестіру қызметінің материалдарын пайдалануға тыйым салуды белгілеу бөлігінде түзетулер қарастырылды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Дереккөз: https://t.me/aqorda_resmi/21494