
Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Қайыпжан Нұржан Үсіпханұлы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдау барысында азаматтар қабылданған сот актілерімен, сондай-ақ жекелеген судьялар мен жергілікті сот төрағаларының әрекеттерімен келіспейтіндіктерін білдірді.
Нұржан Қайыпжан заңды күшіне енген сот актілеріне шағымдану және судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық жасау тәртібіне, сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап судья сот актісін шығарар кезде өрескел заң бұзушылыққа жол берген әрбір күші жойылған актіні Сот жюримен тексеру механизмін қолданысқа енгізу туралы егжей-тегжейлі түсіндірме берді.