
Соңғы жылдары Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауымен судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесін кадрлық функциялары бар толыққанды институт ретінде институционалдық нығайтуға бағытталған соттардың кадр саясаты саласында дәйекті және нақты шаралар қабылданды. Судьяларды даярлау, іріктеу, мансаптық ілгерілету және жауапкершілік рәсімдерін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
ҚР Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының «Казахстанская Правда» газетіне берген сұхбатынан
Толығырақ: https://kazpravda.kz/n/k-dalneyshemu-usileniyu-garantiy-nezavisimosti-sudey/