Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы  азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Ағымдағы жылдың 12 қарашасында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Қайыпжан Нұржан Үсіпханұлы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Азаматтарды қабылдау кезінде судьялардың тәртіптік жауапкершілігінен бөлек, жергілікті соттардың сот актілерімен және судьялардың іс-әрекеттерімен келіспеу, сот істерін қарау барысын қадағалауды жүзеге асыру туралы мәселелер көтерілді.
Нұржан Қайыпжан тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық жасау тәртібіне және судьяға тәртіптік жаза қолдану үшін заңда белгіленген негіздерге, сот актілеріне шағымданудың іс жүргізу тәртібіне, сондай-ақ Сот жюриінің сот төрелігін жүзеге асыратын соттар мен судьялардың қызметіне араласпауы туралы толықтай түсіндірме берді.
Айта кетейік, азаматтар Сот жюриі төрағасының жеке қабылдауына облыстық соттардың бейнеконференцбайланысы арқылы онлайн форматта да, тікелей Жоғары Сот Кеңесінің ғимаратына келу арқылы да қатыса алады.