
Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Михайлович Малаховтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 6 қарашасында судьяның кәсіби қызметіне бағалау жүргізу әдістемесінің жобасы талқыланды.
Әдістеменің жаңа редакциясын әзірлеу ағымдағы жылдың шілде айында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына енгізілген түзетулер шеңберінде көзделген.
Жоба Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссиямен әзірленді.
Әдістеме Жоғары Сот Кеңесі келісімімен Жоғарғы Соттың жалпы отырысында бекітіледі.
Кеңеске Жоғары Сот Кеңесінің тұрақты мүшелерімен қатар Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ Кеңес аппараты мен сот әкімшілігінің қызметкерлері қатысты.
Кеңес барысында Кеңес мүшелері Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жұмыс тәртібінде қарастыру үшін бірқатар ұсыныстар мен ескертулер берілді.