
Халықпен ашық диалог орнату және нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов азаматтарды кезекті қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында өтініш берушілер өздерін толғандыратын мәселелерді көтерді, аталған сұрақтарға Кеңес төрағасы қолданыстағы заңнама негізінде толық жауаптар, сондай-ақ тиісті тапсырмалар берді.