
2024 жылғы 29-30 қазанда Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының отырысында судья лауазымына біліктілік емтиханның нәтижелері шығарылды.
Эссе жазу, кейстегі тапсырмаларды орындау, психологиялық тестілеу және Біліктілік комиссияның мүшелерімен әңгімелесудің нәтижелері бойынша 15 кандидаттар санынан біліктілік емтиханынан 7 адам сәтті өтті (сот жүйесінің қызметкерлері – 2, мемлекеттік органдарының заңгерлері – 2, адвокат – 1, заң кеңесшісі – 1, жеке мекеменің заңгері – 1).