«Шет мемлекеттердің сот жүйелері» оқу-әдістемелік құралы жарық көрді

«Шет мемлекеттердің сот жүйелері» оқу-әдістемелік құралы жарық көрді

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Е. Н. Бегалиевтің редакциясымен «Шет мемлекеттердің сот жүйелері» оқу-әдістемелік құралы әзірленді.

Бұл құралдың авторлары көрнекті заңгер ғалымдар, Жоғары Соттың судьялары мен сот әкімшілігінің қызметкерлері, прокурорлар болды.

Оқу-әдістемелік құралда 70-тен астам елдің сот жүйесіне қатысты түсініктемелер келтірілген. Аталған құрал студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, профессорлық-оқытушылық құрамға және заң қоғамының өкілдеріне арналған.