
2020 жылы 23 шілдеде Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларына қатысты бірқатар тәртіптік істер қаралды. Отырыстың қорытындысы бойынша 7 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұл ретте жазаның мынадай түрлері қолданылды:
- сөгіс – 3;
- ескерту – 4.
Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға олардың сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны негіз болды.
Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты