Бүгін Сот әкімшілігі ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесімен бірлесіп Қазақстан Республикасында Сот әкімшілігін дамытудың стратегиясын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы-аппарат басшысы Д.Б. Мұратбеков қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қоғам мен азаматтарға, судьялар мен соттардың әкімшілік қызметкерлеріне бағытталған Сот әкімшілігін дамыту стратегиясын талқылады, сондай-ақ қоғамның сенімін нығайту мақсатында оны қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты