
2020 жылы 26 маусымда Т. С. Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары және судьялары лауазымдарына үміткерлер қаралды. Сондай-ақ, бірқатар судья отставкаға шығуына, зейнеткерлік жасқа толуына, басқа қызметке сайлануына байланысты және басқа да себептермен қызметтерінен босатылуға ұсынылды.
Отырыстың қорытындылары Жоғары Сот Кеңесінің ресми сайтында жарияланады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты