
2016 жылы 16 қыркүйекте сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтеді. Отырыста кейбір жергілікті соттардың сот алқалары төрағаларын, төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы мәселелер, сондай-ақ судьялардың Сот жюриі комиссияларының шешімдеріне шағымдары және сот жүйесінің басқа да ұйымдастыру-кадр мәселелері қаралды.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты