
2016 жылы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолинның басшылығымен, Заңгерлер одағы, Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста сот жүйесінің ұйымдық-кадрлық мәселелері, оның ішінде жергілікті соттардың кейбір сот алқаларының төрағаларын, соттар төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы мәселелер, Сот жюриі комиссиясының шешімдеріне судьялардың шағымдары қаралды.
Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты