
2016 жылғы 19-20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының судьялыққа кандидаттардың біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырысы өтті.
Емтиханға 79 адам қатысты, оның ішінде 17 адам білікітілік емтиханын ойдағыдай тапсырды. Біліктілік емтиханын тапсыру кезінде кандидаттардың теориялық дайындығының деңгейі және білімін практикада қолдану қабілеті тексерілді.
Біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған адамдар қосымша ақпарат алу және кандидаттардың беріп отырған мәліметтерінің дұрыстығын тексеру мақсатында полиграфологиялық зерттеуге жіберілді.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты