2016 жылы 12 қазанда Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтеді

2016 жылы 12 қазанда Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтеді

2016 жылы 12 қазанда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтеді. Отырыста сот жүйесінің ұйымдастыру-кадр мәселелері қаралып, маусым айында Жоғарғы Сот судьясының, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасуға жарияланған конкурстың қорытындылары жасалады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты