Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

2016 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолинның басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Отырысқа Заңгерлер одағының, сондай-ақ Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының қоғам өкілдері қатысты.

Отырыста Жоғарғы Сот Төрағасының кейбір төрағалар мен судьяларды қызметінен босату жөніндегі ұсыныстары, зейнеткерлік жасқа толған судьялардың қызметте болу мерзімін ұзартуына келісім беру туралы мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, отырыста аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының, Жоғарғы Сот судьясының бос орындарына орналасуға Кеңеспен бұрын жарияланған конкурстың қорытындылары жасалды.

Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңеспен тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты