
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.С. Смолин ағымдағы жылы 17-19 қазанда Стамбул қаласында өткен Халықаралық Стамбул құқық конгресінің жұмысына қатысты.
Конгрестің барысында құқықтық дауларды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу, сот төрелігін процессін жеделдету, халықаралық ынтымақтастық және оның тиімділігін арттыру, сондай-ақ сот органдарын басқару және сот төрелігі саласындағы оқу мәслелелері талқыланды.
А.С. Смолин өзінің сөзінде 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде қабылданған Қазақстан Республикасында судьяларды іріктеу және оқыту жүйесіндегі жаңалықтар туралы айтты.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты