Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Е.Қ. Қаржаубаев дөңгелек үстелге қатысты

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Е.Қ. Қаржаубаев дөңгелек үстелге қатысты

2016 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ербол Қазиұлы Қаржаубаев Астана қалалық сотында сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған Стратегия жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек  үстелде  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясының өкілдері, Астана қалалық, аудандық және оларға теңестірiлген соттардың судьялары қатысты.     

Іс-шара барысында Стратегияны жүзеге асыру сот төрелігін іске асырудың сапасына, азаматтардың сот қорғауына кеңінен қол жеткізулерін және сот жүйесі беделін арттыруды қамтамасыз етулеріне ықпал ететіні айтылды.

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты