
2024 жылғы 14 наурызда Жоғары Сот Кеңесінің регламентіне судьяларды іріктеу тәртібін жетілдіру және оның рәсімдерін оңтайландыру мақсатында, облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының бос орындарын жасақтаудың уақытша аралығын қысқартуды көздейтін түзетулер енгізілді.
Түзетулерге сәйкес, облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьялары лауазымдарына конкурстың қорытындысын шығару бұрын жарияланған конкурста пайда болған қосымша бос орындарды ескере отырып жүргізілуі мүмкін.
Осыған байланысты Жоғары Сот Кеңесінің алдағы отырысында 2024 жылғы 26 ақпандағы конкурстың қорытындысы облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының қосымша ашылған бос орындарын ескере отырып шығарылады деп күтілуде.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты