
2016 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы ұйымдастырған Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстанның 25 жыл тәуелсіздігі: құрылған мемлекеттің сот билігі дамуының келешегі» атты ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына қатысты.
Ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына судьялар, Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, жоғары оқу орындарының, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және шет елдердің өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты