
Бүгін Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолин Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өткізді.
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы мерекемен құттықтап, ұжымға бейбітшілік пен өркендеуді тіледі.
А.С. Смолин Кеңес мүшелері мен оны аппаратының қызметкерлерін құттықтай келе, «Жоғары Сот Кеңесінің басты мақсаты Мемлекет басшысының соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету болып табылады» деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты