Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс

2016 жылы 13 желтоқсанда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізді.

А.С. Смолин Кеңес мүшелері мен Аппарат қызметкерлерін құттықтай келе, ұлттық мерекенің айрықша маңыздылығын, еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген басты жетістіктерін атап өтті.

Тәуелсіздік күнін мерекесіне орай Кеңес аппаратының кейбір қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» меретойлық медальдары табысталды.

 

Қазақстан Республикасы 

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты