
2016 жылы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолинның басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Отырысқа қоғам өкілі - Заңгерлер одағының мүшесі қатысты.
Отырыста сот жүйесінің ұйымдық-кадрлық мәселелері, оның ішінде Жоғарғы Сот Төрағасының кейбір төрағалар мен судьяларды қызметінен босату жөніндегі ұсыныстары қаралды.
Сонымен қатар, отырыста Кеңестің 2016 жылы атқарған жұмысының қорытындылары жасалды және 2017 жылы жүргізетін қызметінің, оның ішінде Мемлекет басшысының Республика судьяларының VII съезінде сот жүйесіндегі кадр саясаты мәселелеріне қатысты берген тапсырмаларын және 100 нақты қадам – Ұлт жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі басым бағытары айқындалды.
Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты