
2017 жылы 5-13 қаңтар кезеңінде Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы мен мүшелері аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасу үшін конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттарды қарау жөнінде Соттармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестердің отырыстарын, облыстық және оған теңестірілген соттардың жалпы отырыстардың жұмыстарына қатысты.
Атап айтқанда, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолин Алматы, Қарағанды облыстық соттарының және Астана қалалық соты отырыстарының жұмысына қатысты. Кеңес мүшесі Л.С. Кудекова Ақмола облыстық соты, В.В. Рычков Солтүстік Қазақстан облыстық соты және Қазақстан Республикасының Әскери соты, М.А. Хожабергенов Павлодар облыстық соты, А.Д. Балағұмарова Қостанай облыстық соты отырыстарының жұмысына қатысты.