Ә.Құрықбаев Ақтөбе облыстық сотының сот төрелігін атқару жұмыстары бойынша кеңейтілген кеңесінің жұмысына қатысты

Ә.Құрықбаев Ақтөбе облыстық сотының сот төрелігін атқару жұмыстары бойынша кеңейтілген кеңесінің жұмысына қатысты

2017 жылы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшеcі, Жоғарғы Сот судьясы Ә.Құрықбаев Ақтөбе облыстық сотының сот төрелігін атқару жұмыстары бойынша кеңейтілген кеңесінің жұмысына қатысты.

Әділ Құрықбаев Жоғары Сот Кеңесінің, Сот төрелігі академиясының жұмысы туралы егжей-тегжей жеткізіп, 2016 жылдың екінші жартыжылдығында Ақтөбе облысының соттарында сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуда елеулі жұмыс жүргізілгенін, оған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының рейтингтік көрсеткіштерінің дәлел екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы 

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты