А.Смолин Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының және Алматы қалалық сотының кеңейтілген кеңестерінің жұмысына қатысты

А.Смолин Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының және Алматы қалалық сотының кеңейтілген кеңестерінің жұмысына қатысты

2017 жылы 31 қаңтар – 1 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.Смолин Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының және Алматы қалалық сотының сот төрелігін 2016 жылда атқару жұмыстары бойынша кеңейтілген кеңестерінің жұмысына қатысты.

А. Смолин Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 31 қаңтарда 2017 жылы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауының негізгі ережелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, А.Смолин Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жоғары білікті судьялар корпусын қалыптастыру шеңберінде атқарып отырған жұмысы, сондай-ақ Ұлт Жоспарының және судьялардың 7 съезінде берілген тапсырмалардың орындалуы барысы туралы атап өтті.

Қазақстан Республикасы  

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты