2017 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті

2017 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті

2017 жылы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолинның басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өткізілді.

Отырысқа қоғам өкілдері — Заңгерлер одағының, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясының өкілдері қатысты.

Отырыста сот жүйесінің ұйымдастыру-кадр мәселелері, оның ішінде Жоғарғы Сот Төрағасының кейбір судьяларды қызметінен босату және судьяның қызметте болу мерзімін ұзарту жөніндегі ұсынымдары қаралды. Сонымен бірге, судьялардың ауысуы және судьялар корпусының сапалық құрамы туралы мәселелер, судья лауазымына біліктілік емтиханының сұрақтары бекітілді.

Бұдан басқа, отырыста аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасуға жарияланған конкурстың қорытындылары жасалды.

Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.

 

Қазақстан Республикасы 

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты