
2017 жылы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.Смолин Акмола облыстық сотының 2016 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңестің жұмысына қатысты.
А. Смолин Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының негізгі ережелерін түсіндірді.
Сонымен қатар, А.Смолин Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жоғары білікті судьялар корпусын қалыптастыру шеңберінде атқарып отырған жұмысы, сондай-ақ Ұлт Жоспарының және судьялардың 7 съезінде берілген тапсырмалардың орындалуы барысы туралы атап өтті.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты