
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Анатолий Смолин Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Айнаш Абдымановна Токбаевамен кездесті.
А. Смолин осы кездесудің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңыздылығын атап өтіп, Жоғары Сот Кеңесінің қызметі туралы, елде жүріп жатқан судьялар корпусын қалыптастыру, судьяларды іріктеу тетігін жетілдіру жөніндегі реформалар туралы айтып, қонақтардың сұрақтарына жауап берді.
Айнаш Абдымановна Токбаева өз кезегінде өткен әңгіменің мазмұнды болуын атап өтіп, ризашылығын білдірді.
Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта терең ынтымақтастық жұмыстарының жүргізілетініне сенімдерін білдірді.