2017 жылы 24-25 сәуірде Біліктілік комиссиясының отырысы өтті

2017 жылы 24-25 сәуірде Біліктілік комиссиясының отырысы өтті
2017 жылы 24-25 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының судьялыққа кандидаттардан біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырысы өтті. 
    Емтиханға 46 адам қатысты, оның 11-і біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырды. Біліктілік емтиханын тапсыру кезінде кандидаттардың теориялық дайындығының деңгейі және білімін практикада қолдану қабілеті тексерілді.
     Біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған адамдар қосымша ақпарат алу және кандидаттардың берген мәліметтерінің дұрыстығын тексеру мақсатында полиграфологиялық зерттеуге жіберілді.
 
         2017 жылы 24-25 сәуірде судья лауазымына біліктілік емтиханын ойдағыдай
тапсырған адамдардың тізімі
 
 
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты