
2017 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолинның басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өткізілді.
Отырыста қоғам заңды өкілдері қатысты.
Отырыста сот жүйесінің кадр мәселелері, оның ішінде Жоғарғы Сот Төрағасының кейбір жергілікті соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметінен босату, зейнеткерлік жасқа толғансудьяның қызметте болу мерзімін ұзарту жөніндегі ұсынымдары қаралды, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасуға жарияланған 2 конкурстың қорытындылары жасалды.
Сондай-ақ, судья қызметіне алғашқы рет тағайындалғансудьялардың
бір жыл атқарған жұмысының нәтижелері қаралды.
Бұдан басқа, Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясының құрамына, Кеңес регламентіне және Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру ережелеріне өзгерістер енгізілді.
Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.