
2017 жылы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А. Смолин Павлодар облыстық сотының 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында сот төрелігін іске асыру қорытындылары бойынша өткен кеңейтілген кеңесінің жұмысына қатысты.
Кеңес барысында А. Смолин сот жүйесінің жаңартылған заңнама аясында жұмыс істеуінің кейбір мәселелеріне тоқталды. Судьялыққа кандидаттар үшін жас шектелімінің 30 жасқа дейін жоғарлатылғаны, бос судья лауазымдарына конкурс өткізу тәртібіндегі өзгерістер туралы айтты.
Сонымен қатар, А. Смолин Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жоғары білікті судьялар корпусын қалыптастыру шеңберінде атқарып отырған жұмысы, сондай-ақ Ұлт Жоспарының және судьялардың 7 съезінде берілген тапсырмалардың орындалуы барысы туралы атап өтті.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты