Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс

2017 жылы 29 тамызда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолин Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс өткізді. 

    А.С. Смолин Кеңес мүшелері мен Аппарат қызметкерлерін құттықтай келе, мемлекет тәуелсіздігінің қалыптасуында Конституцияның тарихи маңыздылығын, сондай-ақ біздің егеменді саяси тарихтағы жаңа кезеңді ашқан биылғы өткізілген конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтті. 

  Конституция күні мерекесіне орай Кеңес мүшелері Н.И. Мамонтов пен Н.Ә. Пазылов құрмет грамоталармен марапатталды.

 

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты