2017 жылы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолинның басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті

2017 жылы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолинның басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті

2017 жылы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолинның басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс жұмысына қоғам өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында 2017 жылы 21 шілдеде Жоғарғы Сот судьяларының
2 бос орнына орналасуға жарияланған конкурстың қорытындылары  жасалды. Іріктелген кандидатуралар Парламент Сенатына енгізу үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынылады.

Сондай-ақ, республиканың 49 судьясы қызметтен босатуға ұсынылып, судьяның қызметіне жаңадан тағайындалған 42 судьяның бір жыл атқарған жұмыстарының нәтижелері бекітілді.

Сонымен қатар Сот жюриінің шешімдеріне берілген 3 судьяның шағымдары қаралды. Қарау нәтижесі бойынша Сот жюриінің екі шешімі негізді, ал біреуі – негізсіз деп танылды.

Аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасы, облыстық  және оған теңестірілген соттың төрағасы мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың судьялары мен сот алқаларының төрағалары қызметтеріне кадр резерві қалыптастырылды.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде қабылданған Судьялар әдебі кодексінің практикалық қолдануы мәселелері де талқыланды.

Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты

Ұсынған тізімі