
2017 жылы 21 қыркүйекте Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолин Қостанай облыстық соты жалпы отырысының жұмысына қатысып, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының бос орындарына жіберілген 19 кандидатпен кездесті.
Кездесу нәтижесінде судья қызметіне 16 үміткерге Қостанай облыстық соты жалпы отырысының оң қорытындысы берілді.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты