
2017 жылы 18 қазанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолинның басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс жұмысына заң қауымдастығының өкілдері қатысты.
Кеңес отырысында 2017 жылы 21 шілдеде аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындарына орналасуға жарияланған конкурстың қорытындылары жасалды.
Облыстық сот судьяларының бос орындарына 13, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларына - 60, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларына 72 кандидатура ұсынылды.
Сонымен қатар Жоғарғы Сот Төрағасының республиканың 18 судьясын қызметтен босату туралы және Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасын тағайындау туралы ұсынымдары қаралды.
Бұдан басқа, Сот жюриінің шешіміне берілген шағым қаралды.
Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты