7 желтоқсанда А.Смолин «Англия мен Уэльс заңгерлерінің қоғамы» өкілдерімен кездесті

7 желтоқсанда А.Смолин «Англия мен Уэльс заңгерлерінің қоғамы» өкілдерімен кездесті

2017 жылы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Анатолий СмолинЛондонның Коммерциялық сотының аға судьясы Сэр Уильям Блэр бастаған «Англия мен Уэльс заңгерлерінің қоғамы» делегациясын қабылдады.   

Кездесу барысында тараптар ұлттық сот жүйесінің жағдайы мен оны желтілдіру, сондай-ақ құқықтық ынтымақтастықты күшейту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Бұдан басқа, қонақтар Жоғары Сот Кеңесінің қызметі туралы, судьялар корпусын қалыптастыру, судьяларды іріктеу тетігін жетілдіру бойынша елде жүріп жатқан реформалар жөнінде хабардар етілді.

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта ынтымақтастық және өзара әрекеттесу ниеттерін білдірді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты