А. Смолин Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссиясының Президенті Георг Ставамен кездесті

А. Смолин Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссиясының Президенті Георг Ставамен кездесті

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Анатолий Смолин Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссиясының Президенті Георг Ставамен, Еуропа судьялары Консультативтік кеңесінің мүшесі Герхард Райзнермен және Еуропа Кеңесінің Сот төрелігінің тәуелсіздігі мен тиімділігі бөлімінің басшысы Стефан Лайенбергерпен кездесті.

А. Смолин осы кездесудің ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңыздылығын атап өтіп, Жоғары Сот Кеңесінің қызметі туралы әңгімелеп, Қазақстанда сот жүйесі саласында жүріп жатқан реформаларға тоқталды.

Кездесу соңында тараптар Қазақстанда жүргізіліп отырған жаңғыртудың тиімділігін атап өтіп, сыңдарлы әрі өзара пайдалы ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудың қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты