2017 жылы 11 желтоқсанда Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті

2017 жылы 11 желтоқсанда Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті

2017 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолинның басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс жұмысына заң қауымдастығының өкілдері қатысты.

Отырыста сот жүйесінің ұйымдастыру-кадр мәселелері, оның ішінде Жоғарғы Сот Төрағасының республика соттарының кейбір төрағаларын, алқа төрағалары мен судьяларын лауазымдарға тағайындау және лауазымдарынан босату туралы ұсынымдары қаралды, судья лауазымына алғашқы рет тағайындалған судьялар жұмысының нәтижелері және тағылымдамашылардың ақы төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтуі жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуы талқыланды.

Жоғарғы Сот Төрағасының Алматы қалалық сотының және Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары лауазымдарына тағайындау туралы және республиканың 24 судьясын лауазымынан босату туралы ұсынымдары қаралды. Жоғарғы Сот Төрағасының зейнеткерлік жасқа толған 1 судьяның қызметінде болу мерзімін ұзартуына келісім берілді.

Бұдан басқа, Сот жюриінің шешіміне берілген 2 шағым қаралып, оның нәтижесі бойынша Сот жюриінің шешімдері негізді деп танылды. Сондай-ақ Сот жюриінің, Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссияның және Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының 2017 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат тыңдалды.

Отырыста Кеңестің үстіміздегі жылы атқарған жұмысының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Судьялардың VII съезінде берген және 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарында көзделген сот жүйесіндегі кадр саясаты мәселелеріне қатысты тапсырмалардың іске асырылуы бөлігінде қорытындылар жасалды. Сонымен қатар Кеңестің 2018 жылы жүргізетін қызметінің басым бағыттары айқындалды.

Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.

 

   Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты