Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің күніне арналған салтанатты жиналыс

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің күніне арналған салтанатты жиналыс

2017 жылы 15 желтоқсанда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің күніне арналған салтанатты жиналыс өткізді.

А.Смолин Кеңес мүшелері мен Аппарат қызметкерлерін құттықтай келе, Қазақстанның барлық жетістіктері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси даналығы мен үлкен еңбегінің нәтижесі, - деп атап өтті. Бұл мерекенің маңыздылығын айтып, еліміздің негізгі бағдарламалық құжаттарының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету қажеттілігін және қазақ тілін латын графикасына көшірудің өзектілігін көрсетті.

Одан басқа, А.Смолин елдегі өтіп жатқан, оның ішінде сот және құқық қорғау жүйелеріндегі реформаларға тоқталды.

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Кеңес Төрағасы Кеңестің кейбір мүшелері мен Аппарат қызметкерлеріне құрмет грамоталарын табыс етті.

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты