
2018 жылы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолин Парламент Сенатының отырысында Мемлекет басшысының ұсынымы бойынша кандидаттарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары қызметтерінен босату туралы баяндады.
Сенаттың дауыс беру қорытындылары бойынша Жоғарғы Соттың 4 судьясы: Өмірсерік Сағындықұлы Қожабаев, Рахымбек Нұрмұхамбетұлы Мамырбаев, Дүйсен Әбдірахманұлы Тұмабеков – орнынан түсуіне, Қалидолла Әділұлы Шаухаров – қайтыс болуына байланысты қызметтерінен босатылды.