2018 жылы 26 қаңтарда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы мен мүшелері 2017 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойыша Жоғарғы Сот судьяларының кеңейтілген кеңесіне қатысты

2018 жылы 26 қаңтарда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы мен мүшелері 2017 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойыша Жоғарғы Сот судьяларының кеңейтілген кеңесіне қатысты

2018 жылы 26 қаңтарда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы мен мүшелері «Сот төрелігіне сенім білдіру және құқықтың үстемдігі- соттардың басты міндеті» тақырыбында 2017 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойыша Жоғарғы Сот судьяларының кеңейтілген кеңесіне қатысты.

 А. Смолин өзінің сөзінде 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде қабылданған судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін күшейту жөніндегі заңнамалық шаралар туралы айтып, оларды практикалық жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелерді түсіндірді.

 Сонымен қатар, А. Смолин Мемлекет басшысының қойған басты мақсаттарының бірі судьялар корпусын ең лайықты кандидаттардан қалыптастыру екендігін атап өтті.

 Кеңеске Жоғары Соттың судьялары, жекелеген мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес мекемелердің басшылары мен өкілдері, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы қатысты.