Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарымен кездесті

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарымен кездесті

2018 жылы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А. Смолин Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарымен кездесті.

Кездесу барысында А. Смолин магистранттарға судьяларды іріктеу жүйесіне қатысты енгізілген заңнамалық новеллалар туралы айтып, судьялыққа кандидаттар жасының 25-тен 30-ға дейін көтерілгенін және магистранттарға судья лауазымына конкурсқа қатысу міндеті белгіленгенін және егер магистрант конкурсқа қатыспайтын болса, оның оқуына жұмсалған қаражатты мемлекетке қайтаруға тиіс екенін түсіндірді.

Одан басқа, А. Смолин заңнамалық новеллалар судьялардың бос орындарына орналасуға конкурстарды өткізген кезде Жоғары Сот Кеңесінің жұмысында қалай жүзеге асырылатыны туралы әңгімелеп, ол кезеңде судьялық қауымдастықтың және жұртшылықтың ролін бөлек атап өтті.

Кеңес Төрағасы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар мен заңның үстемдігін қамтамасыз ету міндеттерін көздейтін 9-тармағына тоқталды.

Өз кезегінде Академия магистранттары кездесудің маңыздылығын атап өтіп, өздерін қызықтыратын сұрақтарына толық жауап алды.

 

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты