
2018 жылы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолинның басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс жұмысына заң қауымдастығының өкілдері қатысты.
Отырыста аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасуға конкурстың қорытындылары жасалды.
Кеңес судьяларды іріктеуде кандидаттарға қатысты шығарылған Сот жюриінің қорытындыларын, облыстық және оған теңестірілген соттардың жалпы отырыстары, Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер берген ұсынымдарын ескерді.
Жоғарғы Сот Төрағасының республика соттарының төрағалары мен судьяларын лауазымдарынан босату туралы 19 ұсынымы және мамандандырылған тергеу соттарын құру мәселелері қаралды. Сонымен қатар судья лауазымына алғашқы рет тағайындалған 28 судья жұмысының нәтижелері талқыланып бекітілді.
Сонымен бірге Сот жюриінің шешіміне берілген 4 шағым қаралып, нәтижелері бойынша Сот жюриінің 1 шешімі негізсіз, 3 шешімі негізді деп танылды.
Бұдан басқа, Кеңес отырысында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді.
Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты