2018 жылы 12 сәуірде Кеңес Төрағасы Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты өкілімен кездесу өткізді

2018 жылы 12 сәуірде Кеңес Төрағасы Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты өкілімен кездесу өткізді

2018 жылы 12 сәуірде Жоғары Сот Кеңесінде Кеңес Төрағасы Т.С. Донақов пен Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты өкілі, БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Норимаса Шимомурамен кездесу өтті.

Кездесу барысында Жоғары Сот Кеңесі мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастық, оның ішінде Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жаңғырту және Қазақстан Республикасында судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру саласындағы мәселелер талқыланды.

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты