
2018 жылы 25 сәуірде Т.С. Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті.
Кеңестің отырысына Кеңес мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, өзге де отандық және халықаралық ұйымдардың, заң қауымдастығының өкілдері мен сарапшылары қатысты.
Отырыс барысында Жоғары Сот Кеңесінің қызметін және судьяларды іріктеу мен дайындау жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмысының негізгі бағыттары талқыланып, мақұлданды.
Сонымен бірге Кеңес отырысында Жоғарғы Сот Төрағасының республика соттарының 9 судьясын лауазымдарынан әр түрлі негіздер бойынша босату туралы ұсынымы қаралды
Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты