
2018 жылы 12 мамырда Астана қаласында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т. Донақов Жоғарғы Сот Төрағасымен бірге Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары соттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьялар қоғамдастығымен кездесті.
Кездесу барысында судьяларды дайындау, іріктеу және мансаптық көтеру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, қолданыстағы судьялыққа кандидаттардан біліктілік емтиханды қабылдау, олардың тағылымдамадан өтуі, Сот төрелігі академиясында оқыту, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу жүйесі, судьяның кәсіби қызметін және бос орындарға конкурсқа қатысушылардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау процедурасы бойынша, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеуі кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде көзқарастарымен айырбастады. Осы салалардағы проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Іскерлік және сындарлы сұхбат өтті олардың нәтижелері Жоғары Сот Кеңесінің ғана емес, барлық судьяларды дайындау, іріктеу және мансаптық көтеру жүйесін жаңғырту жұмысында ескерілетін болады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты