
2018 жылы 18 мамырда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.С. Донақовтың басшылығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысының нәтижелері бойынша судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурстық іріктеудің дифференциалдық критерийлері және оларды қолдану әдістемесі, судья лауазымына біліктілік емтиханын қабылдаудың жаңа тәртібінің базалық параметрлері бекітілді.
Сонымен қатар, Кеңес қызметке алғашқы рет тағайындалған 30 судьяның бір жыл жұмысының нәтижелері бекітті.
Бұдан басқа, әкімшілік-аумақтық құрылымдағы өзгерістерден туындаған Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының сотын және «Байқоңыр» ауданының № 2 сотын, Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының № 3 сотын құруды, сондай-ақ Алматы облысының 2 аудандық сотының атауларын өзгертуді көздейтін Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымдары қаралды.
Жаңадан құрылған және басқа да соттардың, оның ішінде тергеу соттарының судьялары штат санының белгіленуіне және қайта бөлінуіне байланысты «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы 31-бабының 8-тармағына сәйкес Кеңес аталған соттарға бірқатар судьяны конкурстан тыс тағайындауға ұсыным берді.
Сонымен бірге, Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешіміне берген бір судьяның шағымы қаралды. Қарау нәтижесінде шағым қанағаттандырылды.
Кеңес отырыстың қорытындылары бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.
Судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурстық іріктеудің дифференциалдық критерийлері және оларды қолдану әдістемесі, судья лауазымына біліктілік емтиханын қабылдаудың жаңа тәртібінің базалық параметрлері бойынша толық ақпарат Кеңестің интернет-ресурсының «Судьялыққа кандидаттарға арналған ақпарат» бөлімінде орналастырылатын болады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты