2018 жылы 26 мамырда Алматы қаласында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т. Донақов Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Онтүстік Қазақстан облыстары соттарының судьялар қоғамдастығымен кездесті.
Кездесу барысында судьяларды дайындау, іріктеу және мансаптық көтеру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, қолданыстағы судьялыққа кандидаттардан біліктілік емтиханны қабылдау, олардың тағылымдамадан өтуі, Сот төрелігі академиясындағы оқу, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу жүйесі, судьяның бос орындарына конкурсқа қатысушылардың кәсіби қызметін және моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеуі кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір алмасты. Осы салалардағы проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.
Бұдан басқа, судьялар қауымдастығы Кеңестің осы бағытта жүргізіп отырған жұмысы туралы хабардар етілді.
Кездесу барасында іскерлік және сындарлы сұхбат өтті, олардың нәтижелері Жоғары Сот Кеңесінің ғана емес, барлық судьяларды дайындау, іріктеу және мансаптық көтеру жүйесін жаңғырту жұмысында ескерілетін болады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты