
2018 жылы 6 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтеді. Отырыста судьялыққа үміткерлер тапсыратын жаңартылып отырған біліктілік емтиханы кезеңдерінің мазмұны, судьялыққа кандидаттардың соттарда тағылымдамадан өтуінің жаңа механизмі, сондай-ақ судья лауазымдарына кадр резерві мәселелері мен сот жүйесінің кейбір басқа да ұйымдастыру-кадр мәселелері қаралады.